Образование
01.06.2025
“Бақытты балалық шақ”
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Оқушылар сарайының алаңында түрлі спорттық ойындар мен эстафеталық сайыстар, “Бақытты балалық шақ” тақырыбында асфальтқа сурет салу ұйымдастырылды.
Мерекелік шара ашихара-каратэ бойынша Азия Кубогінің чемпиондары - ашихара-каратэ үйірмесінің көрсетілімімен басталды.
Бұдан әрі спорттық бағыттағы үйірмелердің ұйымдастыруымен өткен эстафеталық жарыстарға ұласты.
Бұл жерде балалар 4 командаға бөлініп, 3 айналымнан тұратын спорттық ойындар ойнап жарысты.
Ал, отбасылық сайыстар спорттық жабдықтарды пайдалана отырып, тапсырманы орындау, пазлдардан сурет құрастыру сияқты кезеңдерден тұрды. Сайысқа қатысушы командалар мен отбасылар тапсырмаларды өз дәрежесінде орындап шықты. Ойынға қатысқан барлық балаларға сыйлықтар үлестірілді.

Сонымен қатар, осы күні жергілікті қолөнершілердің “Теңіз, оның барлық көріністерімен” тақырыбында көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, балалар мен келген ата-аналар жергілікті қолөнершілердің туындыларын тамашалады.