
Образование
12.03.2025
🌿 Наурыз мейрамы құтты болсын! 🌿
Құрметті ағайын!
Сіздерді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – табиғаттың жаңарып, күн мен түннің теңесетін, адамдардың бір-біріне мейірім мен жақсылық сыйлайтын қасиетті мерекесі.
Бұл күн әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен жақсылық әкелсін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Ұлыстың ұлы күні баршаңызға қуаныш, ырыс-несібе, татулық пен береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын! 🌿🎉✨