
Образование
22.05.2025
“Үздік жүргізуші – 2025”
Бүгін 22 мамыр күні, Оқушылар сарайында Гумаритарлық бағыттың жұмыс жоспарына сәйкес, "Журналистика"үйірмесінің оқушылары арасында ерекше сайыс өтті. “Үздік жүргізуші – 2025” байқауының мақсаты – оқушылардың сахна мәдениетін, сөз саптау шеберлігін арттырып, көпшілік алдында өзін сенімді ұстауға баулу.
Іс-шара Әділ Жадыра Хайырғалиқызының ұйымдастыруымен өтті. Сайысқа 6 дарынды оқушы қатысып, өз өнерін көрсетті.
🏆 Жеңімпаздар:
🥇 Кәусар Рафхатова
🥈 Айзере Қоблан
🥉 Қалдыбек Кәусар
Жас жүргізушілерге шабыт пен сенім сыйлаған бұл байқау алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын табады!