«Аймекен» талантты балалар байқауының қорытындысы
Оқушылар сарайының 08.11.2024ж. № 64/1 нқ бұйрығына сәйкес, оқушылардың, жасөспірімдердің ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен «Аймекен» талантты балалар байқауы 5 номинациядан құралды. Байқауға барлығы 25 оқушы қатысып, 21 оқушы жеңімпаз атанды.
”Қыс қызықтары“
Облыстық қоғамдық - саяси Маңғыстау газетінің 18.02.2025 жылғы № 13 (10413) номеріне ,, Зерек бала ” үйірмесінің жетекшісі Маржангуль Дошикованың
Шығармашылыққа толы шаңырақта”Қыс қызықтары“ тақырыбында мақаласы жарияланды.
«Әдістемелік вернисаж» педагогтердің республикалық байқауының қорытындысы.
«Әдістемелік вернисаж» педагогтердің республикалық байқауының қорытындысы.
Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдары педагогтерінің әдістемелік жұмысын жетілдіру, шығармашылық әлеуетін дамыту, мамандығының әлеуметтік беделін арттыру мақсатында 2025 жылдың 31 қаңтар мен 20 наурыз аралығында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері арасында «Әдістемелік вернисаж» республикалық байқауы қашықтықтан өтті.
Байқауға қатысқан «Развивайка» үйірмесінің жетекшісі, Сапарова Бакыт Куанышевна ІІІ дәрежелі дипломмен және «Зерек бала» үйірмесінің жетекшісі, Дошикова Маржангуль Кеншиликовна байқауға қатысқаны үшін арнайы сертификатпен марапатталды.
Байқауға қатысушыларды құттықтаймыз!
«Қысқы ертегі әлеміне саяхат» республикалық байқауының қорытындысы
2025 жылғы 13 қаңтар – 10 наурыз аралығында балалардың шығармашылығын және баланың ойлауының өзіндік ерекшеліктерін тәрбиелеудің тиімді құралы ретінде дамытуға бағытталған республикалық байқауына «Бисер тігу» үйірмесінің оқушысы Қолдас Кәусар «Көңілді аққала» номинациясы бойынша І дәрежелі, жетекшісі Иманкулова Молдир Темирбековна және «Скорочтение» үйірмесінің оқушысы Токутаева Нурия «Қысқы ертегі» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Сапарова Бакыт Куанышевна
«Алтын жүрек» педагогтердің республикалық байқауының қорытындысы.
«Алтын жүрек» педагогтердің республикалық байқауының қорытындысы.
Кәсіби қызметте жетістіктері бар шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді ынталандыру, қосымша білім беру педагогтерінің үздік тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында 2025 жылдың 03 ақпан мен 14 наурыз аралығында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері арасында «Алтын жүрек» педагогтерінің республикалық байқауы өтті.
«Қысқы ертегі әлеміне саяхат»
2025 жылдың 14 ақпан күні балалардың шығармашылығын және баланың ойлауының өзіндік ерекшеліктерін тәрбиелеудің тиімді құралы ретінде дамыту мақсатында «Қысқы ертегі әлеміне саяхат» тақырыбындағы республикалық байқауының сарайішілік кезеңі өтті.
Байқауға барлығы 23 оқушы қатысып, республикалық кезеңге жолдама алды.
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Балаларды мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту, оқуға деген құлшынысын арттыру, дұрыс, тапқыр сөйлеуге үйрету мақсатында 11.12.2024ж. күні «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті.
🖇📜«ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫН» АЙДАРЫ
13.12.2024 жылы «ТАНЫМ.ТАРИХ. ТАҒЗЫМ» тақырыбындағы гуманитарлық бағытындағы үйірмелер апталығы аясында журналистика үйірмесінің жетекшісі Әділ Жадыра Хайырғалиқызының жетекшілігімен «Жас жүргізуші – 2024» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: жастардың тіл тазалығын сақтауға үйреті, ана тілін құрметтеуге баулу, тіл мәртебесін көтеру, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Байқауға әр үйірмеден 12-17 жас аралығындағы жүргізушілік қабілеті бар 5 оқушы қатысты. Оқушылар әр кезең бойынша өздерінің білімдерін сынап, нәтижесінде І орынды Нұрқожа Әбілмансұр, ІІ орынды Аманқызы Мөлдір, ІІІ орынды Аманқызы Назерке иеленді. Сонымен қатар, Каракульчикова Назерке «Көрермен көзайымы», Қалдыбек Кәусар «Шығармашыл жүргізуші» номинациясына ие болды.
🖇📜«ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫН» АЙДАРЫ
11.12.2024 жылы «ТАНЫМ.ТАРИХ. ТАҒЗЫМ» тақырыбындағы гуманитарлық бағытындағы үйірмелер апталығы аясында оқушылардың, жастардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және интеллектуалды деңгейін арттыру мақсатында «Эссе жазу» үйірмесінің жетекшісі Мамедова Нұргүл Кенжетайқызының ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа «Эссе 15 оқушы қатысты. Оқушылар әр кезең бойынша өздерінің білімдерін сынап, нәтижесінде І орынды «Жалын» командасы, ІІ орынды «Рухты ұрпақ» командасы, ІІІ орынды «Мәңгі таспа» командасы иеленді.
Оқушылар сарайында әдістемелік отырыс өтті
2025 жылдың 12 желтоқсан күні ғылыми-әдістемелік бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес кезекті әдістемелік отырыс өтті. Әдістемелік отырысқа бөлім меңгерушілері, әдіскерлер, педагогтер қатысты. Отырыс аясында Педагогтердің өз іс-тәжірибесінен дайындағын оқу-әдістемелік көмекші құрал материалдарын бекіту, педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату, педагогтердің портфолио жинақтау дайындығы сондай - ақ қыс айларында өтетін сайыс, байқаулардың ережелерін жасақтау, бекітуге ұсыну мәселелері қаралды. Бірқатар педагогтердің оқу - әдістемелік материалдары көмекші құрал есебінде сарай ішіне таратылды.
Наши юные инженеры – лучшие!
С гордостью сообщаем, что учащиеся кружка робототехники Дворца школьников приняли участие в отборочном этапе международной республиканской олимпиады по робототехнике FIBONACCI Robot Olympiad Kazakhstan в городе Астана, который прошёл 15-16 марта 2025 года.
🌿 Наурыз мейрамы құтты болсын! 🌿
Ардақты ағайын! Сіздерді жаңару мен молшылықтың символы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн әр шаңыраққа қуаныш, береке және мол несібе әкелсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын! 🌸✨